АЛТЫН ОРДА ДӘУІРІНДЕГІ ТҰРАҚЖАЙЛАР — 13 — 14 ғасырлардан сақталған көне қала орындары. Батыс Қазақстандагы Алтын Орда орталығы болған Сарай, Сарай- Бату, Сарай-Берке, Жаңа Сарай сияқты қ-ларды орыс ғалымдарды Г.А. Федоров- Давыдов, В.Л. Егоров зерттеген. Соңғы жылдары Қазақстан археологгары Орда тұрақжайларында жүйелі зерттеулер жүргізді. Олардың сол дәуірдегі қыпшақтардың үйлері екендігі анықталды. Үйлердің құрылыс жүйелерінің ерекшеліктері тұрғындардың этник. құрамдарының әр түрлі болғандығын дәлелдейді. Орт. Қазақстан жерінде Алтын Орда қоныстарын археолог Ж.Е. Сымайылов зерттеді. Жұмыс барысында Басқамыр, Нөгербек дарасы, Хан ордасы, Домбауыл, Алашахан, Тоғызбайқұл, Шотқара, Айбас, т.б. бекініс тұрақжайлары белгілі болды. Ашылған тұрақжайлардан алынған заттай деректер Орт. Қазақстанда ерте орта ғ-дан бастап (8 ғ.) соңғы орта ғ-ға (17 ғ.) дейін отырықшылықтың, архит. құрылыс жүйелерінің жоғары дамығанын көрсетеді.