АЛТЫН ДИІРМЕН

АЛТЫН ДИІРМЕН” — Алматы қ-ндағы акционерлік өнеркәсіптік-өндірістік корпорация. Ұн, нан, макарон, құрама жем, құс еті және шұжық өнімдерін өндіреді. 1932 ж. астық қабылдау орны ретінде ашылған. Кейін ұн комбинаты аталды. 1992 ж. акцион. корпорация болып қайта құрылды. Корпорация бұрынғы ұн және құрама жем өнімдерімен бірге өзге де азық-түлік түрлерін шығара бастады. Тәулігіне 230 т ұн, 24 т макарон, 25 т нан өнімдері мен 600 т құрама жем және түрлі шұжық, сондай-ак құс етін өндіреді (1998). Кәсіпорынның 2 құс ф-касы бар, қосалқы шаруашылығында қой, жылқы, ірі қара және шошқа өсіріледі. 15 мың гектар егістік жерінде жүгері, бұршақ, арпа егіледі. “Алтын диірмен” өнімдері шетелдерге де (Ауғанстан, Тәжікстан, Польша, т.б.) сатылады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *