АЛТЫНТӨБЕ

АЛТЫНТӨБЕ — орта ғасырлардан сақталған көне қала орны. Отырардың солт.-батысында 7 км жерде орналасқан. Оңт. Қазақстан археол. экспедициясы 1947, 1949 ж. (жетекшісі А.Н. Бернштам), 1969 — 70, 1986 ж. (жетекшісі К.А. Ақышев) зерттеген. Қала орны солт-тен оңт-ке қарай созыла орналасқан төртбұрышты төбе. Сыртқы қорғаныс қабырғалары солт-тен оңт-ке қарай 950 м, батыстан шығысқа қарай 500 м. Цитаделі мен шаһристаны орта тұсында орналасқан. Цитадельдің биікт. 12,5 м, аум. 100×100 м. Оңт. шетінде орналасқан шахристанның сыртынан қоршаған дуалдың әр жерінде күзет мұнараларының орындары сақталған. Қабырғаларының көлемі 100×160 м, биікт. 6,5 м. Жүргізілген қазба жұмыстары кезінде қыштан, шыныдан жасалған ыдыстар, темір заттардың қалдықтары табылды. Бөлмелердің бірінің еденінен табылған түргеш дәуірінің теңгелері қаланың уақытын анықтауға көмегін тигізді. Ол Оңт. Қазақстан мен Жетісу жерінде 8 — 10 ғ. аралығында пайдаланылған. А. Құйрықтөбе, Көкмардан, Марданкүйік, т.б. қ-лар секілді Отырардың серігі болған. Қазба кезінде алынған заттай деректер қаланың б.з-дың басында қалыптасып, 11 ғ-ға дейін болғанын көрсетеді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *