АЛТЫНТАГ

 АЛТЫНТАГ (Алтынтау) — Орталық Азияның Тарим және Цайдам ойыстарын бөліп жатқан, Куньлунь мен Наньшань таулары аралығында орналасқан тау. Ұз. 800 км- ге жуық, ең биік нүктесі 6161 м (Актаг тауы). Тарим ойысына қараған беткейі тік жар қабақты, Цайдамға қараған беткейі көлбеу, жайдақ келеді. Кристалды гнейс тау жыныстарынан және тақтатастан түзілген. Оңт. беткейінде жер бедерінің тілімденуі жоғары. Климаты тым континентті, қуаң, жауын-шашын аз, жыл мезгілдерінде таралуы бірдей емес. Орталық бөлігінде өзен-көлдер аз, ірі өзендері оңт. батысында шоғырланған. Таудың жоғарғы белдеулерін мәңгі мұздықтар мен қар басқан, ал төменгі бөлігін альпі шалғыны, таулы дала өсімдіктері жапқан. Тауаралық аңғарларда сексеуіл, жыңғьш сияқты бұталы өсімдіктер өседі. А-та хромит, қорғасын, мырыш және платина кен орындары бар.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *