АЛТЫНСАРИН МЕКТЕПТЕРІ — Ы. Алтынсарин ұйымдастырған оқу орындары. Торғай обл-нда 1864 — 89 ж. ашылды. Қалың бұқараның сауаттануы мен білім алуы үшін халық мектептері мен уч- щелерін ашу мәселесі Ресейде 19 ғ-дың 60-жылдарындағы реформа кезінде қолға алынды. Әлеум. прогресшіл топтар, алдыңғы қатардағы земство орындары, белгілі ағартушы педагогтар осы қозғалыстың бастаушысы әрі насихатшысы болды. Ол кезде мектептің тәлім-тәрбие орны екенін елге таныту, халықтың өз күш- қаражатымен мектепті жабдықтау, оқуға бала тарту, мұғалімдер даярлау, окулық және әдістемелік әдебиеттің негізін салу тұңғыш рет жүзеге асырылған жаңа дәстүрлер еді. Бұл мектептер біртұтас өнегесімен пед. тарихынан лайықты орын алады. Алтынсарин ұйымдастырған оқу орындарының типтері: екі кластық, (6 жылдық) интернатты уч-щелер (уездік қ-ларда), 1 кластық (3 — 4 жылдык) болыстық бастауыш мектептер, қыздар мектебі (1887), кейін ашылған ауылдық мектептер (1892). Алтынсарин кәсіптік-техн. және а.ш. оқу орындарын жобалап, мұғалімдер мектебін ашты (1883), оқу-ағарту жүйесінің негізін жасады. Ресей үкіметінің “түземдік” мектептерге мән беруі, қолдау көрсетуі астарында, негізінен, қазақтарды орыстандыру, сахараны Ресейге қай жағынан да тәуелді, бодан ел ету саясаты жатты. Әйтсе де бұл мектептер жергілікті халықтың сауатын ашып, кәсіптік мамандық беру ісінде аса маңызды жұмыстар аткарды.