АЛТЫНСАРИН — Қостанай обл-ның Қамысты ауд-ндағы ауыл. Іргесі 1954 ж. тың жерлерді игеруге байланысты қаланды. Торғай үстіртінің солт.-батысында құрғақ дала белдемінде, ауд. орт. — Қамысты а-ның оңт.-шығысына қарай 60 км жерде орналасқан. Тұрғындарының саны 0,8 мың адам (1997). А. а-дық округі мен кооп. шаруашылық орталығы. Ол Лисаковск қ. арқылы аудан орт. мен Тобыл т.ж. ст-на автомоб. жолы арқылы байланысады. Орта мектеп бар. Ауылға қазақтың тұңғыш ағартушысы Ы. Алтынсариннің есімі берілген.