“АЛТЫНЕМЕЛ” ҰЛТТЫҚ ТАБИҒИ САЯБАҒЫ

 “АЛТЫНЕМЕЛ” ҰЛТТЫҚ ТАБИҒИ САЯБАҒЫ — Алматы облысының Кербұлақ ауданының аумағында 1996 ж. ұйымдастырылған ұлттық саябақ. Іле ө-нің солтүстігінде орналасқан. Ауд. 460 мың га. Оның құрамына Жоңғар Алатауының сілемдері: Шолақ, Дегерес, Матай, Алтынемел, Қояндытау таулары, Үлкен Қалқан, Кіші Қалқан, Ақтау жоталары және өте сирек кездесетін табиғат ескерткішінің бірі — “Әнші құм «(жергілікті тұрғындар “Айқай құм” деп атайды) енеді. 3 ландшафты — таулы-далалық, құмды-шөлді және қиыршық тасты белдеулерден тұрады. Саябақ археолог. ескерткіштер мен ежелгі таңбалар және суреттер салынған үңгірлер мен тастарға бай. Сақ дәуірінде салынған “Бесшатыр” обаларының маңызы үлкен. Ш. Уәлихановтың тарихи-мемориалдық мұражайы осында орналасқан. Саябақта өсімдіктердің 1800 түрі: балқаш сексеуілі, баялыш, шырша, үйеңкі, тораңғы, қызыл тал, жиде, жыңғыл, сексеуіл, қылша, т.б. өседі. Саябақтың жануарлар әлемі де алуан түрлі: сүтқоректілерден — құлан, қарақұйрық, арқар, түлкі көксерке, ақмарқа, табанбалық, т.б. кездеседі. Омыртқасыз жануарлар дүниесі толық зерттелмеген. Саябақта қазіргі кезде жан-жақты жабдықталған 17 қорықша бекеті және 3 туристік маршруттар жұмыс жасайды.  

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *