АЛТЫНЕМЕЛ ЖОТАСЫ — Жетісу Алатауының оңт.-батыс сілемдерінің бірі, Іле мен Қаратал өз-дері аралындағы суайрық жота. Ол шығыстағы Қояндытау жотасын бөліп тұратын Үйгентас асуынан Іле аңғарындағы Шолақ тауына дейін (Алтынемел асуы) доғаша иіліп жатыр. Ұз. 65 км, ені 6—15 км, ең биік жері 2931 м. Жота палеозойдың қатпарлы шөгінділерінен түзілген. Жотаның солт. беткейі тік, оңтүстігі көлбеу келген. Топырақ пен өсімдік жамылғысы биіктік белдеу бойынша орналасқан. Етегінде әр түрлі бидайық тұқымдас шөптер өседі.