АЛТЫНЕМЕЛ

АЛТЫНЕМЕЛ, Көшентоған — Алматы обл-ның Кербұлақ ауд. жеріндегі тарихи мекен. Жетісу Алатауының оңт.-батыс сілемінде, Алтынемел және Матай тауларынан басталатын Байғазы және Дос өз-дерінің бастауында орналасқан. Оңт.-батысында — Жүзасу (1474 м), оңт.-шығысында — Алтынемел асуымен шектеледі. А. мекені Ш. Уәлихановтың өмірімен тығыз байланысты. Ол өмірінің соңғы жылдарын (1855 — 1865) А-де өткізді, сонда жерленді. Ғалымның А-дегі зираты басына 1985 ж. ескерткіш белгі орнатылып, тарихи-мемориалдық мұражай ашылды; қ. Шоқан Уәлихановтың тарихи-мемориалдық мұражайы.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *