АМИНДЕР — құрамындағы сутек атомы органикалык радикалмен алмасқан аммиак туындылары. А. радикал санына байланысты бірінші, екінші және үшінші А. деп бөлінеді. А-дің, негізінен, алкиламиндер және ароматтық А. (ариламиндер) деген түрлері бар. Алкиламиндер — күшті, ариламиндер — өлсіз негіздер. Алкиламиндер минералды қышқылдармен әрекеттескенде, көп жағдайда, суда жақсы еритін тұздар түзеді. Карбон кышқылдарымен, олардың ангидридтерімен, күрделі эфирлермен қыздырғанда бірінші және екінші А- дегі сутек атомы алмасқан амидтер түзіп ацилденеді. А- ді анықтау үшін олардың амидтерге ацилдену реакциясын пайдаланады. А-дің көпшілігі табиғатта кездеседі. Физиол. активтілігі олардың сутекті, ковалентті, иондық байланыстар түзуіне негізделген. А. өсімдіктер дүниесінде әр түрлі процестерде (метаболизм, т.б.) маңызды рөл атқарады. Сондай-ақ синтетикалық жолмен алынған А-дің емдік қасиеттері бар. Осыған байланысты А. бактериялық құрт ауруларды емдеуде кеңінен қолданылады.