АЛТЫН АДАМ 

АЛТЫН АДАМ (б.з.б. 5 ғ.) — Алматы обл. Есік қ-ның солт— дегі Есік өз-нің сол жақ жағалауындағы темір дәуірінен сақталған сақ обасынан табылған алтын киімді сақ жауынгерінің мүрдесі. 1969—70 ж. археолог К.А. Ақышев тапқан. 40-тан астам обадан тұратын қорымның оңтшетінде биікт6 м, диаметрі 60 м үйінді төбе астынан екі қабір ашылдыБіреуі ертеректе тоналғанЕкіншісінен жасы 17 — 18 шамасындағы сақ жауынгерінің мүрдесі ашылдыҚабір шырша бөренелерден жасалғанкөлемі 3,3×1,9 м, биікт. 1,5 м, сол жақ бөлігіне қойылған сақ жауынгерінің басы батысқа қаратылып жатқызылғанҚабірдің оңтжәне батыс шеттерінде металл, қышағаштан істелінген ыдыстарзергерлік бұйымдар қойылғанҚабір ағаш қақпақпен жабылыптемір құрсаулармен бекітілгенеденіне тақтай төселген, ал адам қойылатын жеріне алтын жапсырмалармен безендірілген төсеніш салынған. А. а. киімі 4 мыңға жуық алтын әшекейлермен безендірілгенӘшекейлер барыс, бұлан, таутеке, арқар, аттүрлі құс бейнелерін беретін “аңдар стилінде” жасалған (қ. сурет). Бас сүйектің сол жағынан жаһұт тастармен әшекейленген алтын сырға табылды. Бас киімі кейінгі қазақ киімі үлгілеріне ұқсасбиікшошақ төбеліұз. 70 см шамасындаМойнында дөңгелек жүзік сияқты алтын алқаіш көйлегікөкірегінің тұсыжеңі алтын тоғалармен өрнектелгенсаусағында екі алтын жүзікқамзолы құрастырылмалы белбеумен буылғанБелбеуге аңға ұқсас бейнелер, 16 тоға жапсырылғаноң жағында қызыл қынапты ұзын семсерсол жағында алтын пластиналар жапсырылған қынға салынған темір қанжар — ақинақшалбар балағы да алтын тоғалармен әшекейленгенЕсік обасынан алынған археол. мәліметтерге қарап, бұл адамның б.з.б. 5 — 4 ғ-ларда өмір сүргені анықталды. Киім үлгісі, жерлеу рәсімі, А. а-ның Жетісу жерін мекендеген сақтардың көрнекті елбасы немесе жас көсем, әскербасы екенін айқын көрсетеді. Табылған күміс тостағандағы 26 жеке әріптер қатары сол кездің өзінде Жетісу сақтарында көне әліпби түрлері қолданылғанын байқатады. Көне дәуірдегі материалдық мәдениет, өнер, мифология, т.б. салалардан мол дерек беретін А. а. сол кездегі сақтарда мемл. өркениет ертеден қалыптасқанын дәлелдейді. А. а. — Қазақстанның азаттық символына айналды. Оның тұлғасы Алматының бас алаңына орнатылды, төбе бөркіндегі қанатты тұлпарлар бейнесі Елтаңбамызға енді. 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *