АЛТЫНБЕКОВ Бауэр Ембергенұлы (17.3.1931 ж.т., Алматы) — ғалым, мед. ғыл. докт. (1976), проф. (1980), Қазақстан ҒА корр. мүшесі (1989). Қарағанды мемл. мед. ин-тын бітірген (1958). 1958 — 71 ж. Қазақ еңбек гигиенасы жөне кәсіби аурулар ғыл.-зерт. ин-тының ғыл. қызметкері, 1971 — 74 ж. Ақтөбе мед. ин-тында жалпы гигиена кафедрасының меңгерушісі. 1974 — 90 ж. Қазақстан ҒА-ның Еңбек гигиенасы және кәсіби аурулар зерт. ин-тының директоры, 1990 — 95 ж. Қарағанды мед. ин-тының, ал 1995 ж-дан Шымкент мед. ин-тының кәсіби аурулар мен жалпы гигиена кафедраларының меңгерушісі болды. Негізгі еңбектері еңбек гигиенасы мен адам физиологиясы, эргономика, көсіби патология, әлеуметгік гигиена мәселелеріне арналған. Ол Семей ядролық полигонының және антропогендік экологияның сол аймаққа тигізіп отырған зардаптарын да зерттеген. А. еңбек гигиенасымен шұғылданушылардың қазақстандық мектебінің негізін қалады. “Құрмет Белгісі” орденімен және бірнеше медальдармен марапатталған.