АЛТЫЛЫҚТАР

АЛТЫЛЫҚТАР (“Іеs сіх”), франц. композиторларының шығармашылық бірлестігі. 1917 ж. құрылған. Оның құрамына композиторлар: Л. Дорей, Д. Мийо, А. Онеггер, Ж. Орик, Ф. Пуленк жөне Ж. Тайефер енді. Бірлестіктің рухтандырушысы әрі әдеби жаршысы Ж. Кокто мен Э. Сати болды. Муз. бірлестік сыншы А. Колленің “Бес орыс және алты француз” деген мақаласында (“Соmedie” газеті) тұңғыш рет “А.” деп аталды. “А.” мүшелері өздеріне ізашар болған Вагнер, Равель, Дебюсси сияқты композиторлардың шығармашылығын әр түрлі бағалады. Бірақ осындай айырмашылықтарға қарамастан, олар 20-жылдары өмір сүрген композиторлардың бағыттарын қабылдай отырып, оларға тән романтик., импрессионистік тәсілдерге қарсы пікір айтты, өнердің халыққа түсінікті болуына ерекше көңіл бөлді. “А.” әрқашан жаңа мәнер, тәсілдер мен құрылымдар іздестіруді мақсат етті. “А.” мүшелерінің сана-сезімінің, көзқарасының қалыптасуына Эрик Сати үлкен ықпал етті. Ол тыңдаушыларын осы кезеңде жазылған фортепьянолық шағын шығармаларының әдеттен тыс атауларымен: “Алмұрт кейпіндегі пьеса”, “Суық пьесалар”, “Бюрократтық соната”, “Ат терісін жамылу”, “Кептірілген эмбриондар” қызықтырған композитор. 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *