АЛТУН ЯРУҚ

“АЛТУН ЯРУҚ”, Алтын жарық — орта ғасырларда көне түркі тілінде жазылған будда номы (сутрасы). Толық аты — “Алтун өңлүк яруқ ялтырақлы қопта көтірілміш ілікі атлық ном”. Будда дініндегі Махаяна (көне түрікше “Ұлұқ көлүңгү” деп атағанағымының діни қағидалары мен жол-жоралғыларын түсіндіретін бұл номды 9 – 10 ғ-да өмір сүрген Идиқұт хандығының ғұламасыбесбалықтық монах Сыңқұсәли тұтұң көне қытай тілінен аударғанӘуелі санскрит тілінде (“Суварнап рабхасы”) жазылған “А. я.”, кейін қытайтибеттүркімонғол тілдеріне аударылып, будда әлемінде қастерленіпкең таралған. “А. я-тың” 1687 ж. соңғы көшірмесінің толық нұсқасын 1910 ж. С.Е. Малов қытайдың Гансу өлкесінен таптыСарғыш түсті қағазға көне ұйғыр жазуымен көшірілген қолжазба 397 беттен тұрадыҚазір оның түпнұсқасы Санкт-Петербургтегі РҒА-ның Шығыстану ин-тының қолжазба қорында сақтаулы. “А. я-тың” көне ұйғыр жазуымен көшірілген бұдан ертеректегі нұсқаларының үзінділері Шыңжаң, Гансу өлкелерінің өзге жерлерінен де табылдыАлайда “А. я-тың” Малов нұсқасы қазірге дейін табылған көне түркі жазба ескерткіштерінің ішіндегі ең көлемдісі әрі толығысондықтан да ол ғылымда ежелгі түркі тілін және будда дінін зерттеудің аса құнды материалы ретінде айрықша бағаланады. 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *