АЛТАЙ ҚОЙЫ

АЛТАЙ ҚОЙЫ — биязы жүнді қой тұқымы. Ол 1928 — 48 ж. Алтай өлкесінің асыл тұқымды шаруашылықтарында жергілікті сібір мериносы саулықтарын америка рамбульесінің қошқарларымен будандастыру арқылы алынған. Қошқарлары мүйізді, саулықтары тоқал келеді. Қошқарларының орташа салм. 90 – 100 кг, саулығы 50 — 60 кг тартады; қошқардан 14 — 18 кг, саулықтан 6 — 7 кг жұн қырқылады. Жүні таза, шығымы 45 — 48%, талшығының жіңішкелігі 64-сапада, ұз8 — 10 см, әр 100 саулықтан 150-160 қозы алынады. 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *