АЛТАЙ-ҚАРПЫҚ

 АЛТАЙ-ҚАРПЫҚ — қазақ халқының құрамындағы рулар тобы. 1875 ж. Бұхар қ-нда жарық көрген Сайдаққожа Жүсіпұлының (1805 — 1885) “Қазақ тайпаларының тарихы” деп аталатын кітабындағы деректерге қарағанда қазақ жүздерінің құрамына кірмейтін тайпаның бірі — құрамалар. Құрамадан — қатаған, дүрмен-барлас, баршылық, қоңырат, қыпшақ, тарақты, маңғытаймоғолтай, ноғайлы, А.- қ. рулары тарайды (бұларды көпшілікке белгілі қоңырат, қыпшақ, тарақты, т.б. ру-тайпалармен шатастыруға болмайды). А.-к. түріктің қарлұқ бұтағынан өрбіген. Ертеде Алтай тауларының бөктерін мекендегендіктен алтайлық карлұқтар деп аталған. Осы алтайлық қарлұқтар қалың қазақ арасына келген соң А.- қ. аталып кеткен. Ал қазақ халқының құрамына енбей, тыс қалғандары қазіргі уақытта Алтай бөктерін мекендейді. Шамамен 600 мың адам. Қазақ халқының құрамындағы А.-қ-тан — ҚаратоқаСарытоқа, Алтай аталары тарайды. Олар ӨзбРесп-ның Бұхар, Хиуа қ-лары төңіректеріне қоныстанған. 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *