АЛТАЙ ҚАЗАҚТАРЫ

АЛТАЙ ҚАЗАҚТАРЫ — Ресей Федерациясы Алтай Республикасындағы Қосағаш ауданында тұратын қазақ диаспорасы. Жалпы саны 10 мың адам. Оларды қазақстандық бауырлары “Қосағаш қазақтары” десе, монғолиялықтар “Шүй қазақтары” деп атайды. Бұл Орт. Алтай тауының оңт. және солт. сілемдері атауынан шыққан сөз. А. қ. солардың арасындағы Шүй жазығын мекендейді. Қазақтар мұнда, негізінен, Столыпиннің агр. реформалары салдарынан өткен. А. қ. Шүй даласына Қазақстан, Монғолия және Қытай терр-ларынан келіп тоғысқан. ПІығ. Қазақстаннан Қатонқарағай, Үлкен Нарын жері арқылы өтсе, Монғолиядан Қалуты, Қызыл кезең асулары арқылы асқан, Қытай қазақтары да осы Монғолия арқылы келген. 

А. қ-ның қоныстары теңіз деңгейінен 2400 м биіктікте орналасқан. Жері тастақты, құнарсыздау болғандықтан көкөніс, жеміс-жидек түрлері Ресейдің көрші обл-тарынан алады. 

А. қ. мал бағумен шұғылданады. Қой, жылқы, түйе, сиыр, қодас (А. қ. “сарлық” деп атайды), түбітті ешкі өсіреді. Аң шаруашылығы да бар. Негізгісі — қара түлкі. Кіндікті к-нен балық ауланады. А. қ- ның өз тілінде мектептері жоқ. Тек 90-жылдардың соңында ғана қазақ сыныптары (кластары) ашыла бастады. Ұлттық дәстүрлерін жоғалтпаған. Шығ. Қазақстан обл-ның Қатонқарағай ауд-ңдағы бауырларымен өзара достық, туыстық, ынтымақтастық байланыс жасап тұрады. 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *