АЛТАЙ ТАУТОБЫЛҒЫСЫ (Sibiraea altaiensis) — раушан- гүлділер тұқымдасының таутобылғы туысына жататын бұта. Алтайдың Үбі, Нарым, Иванов қырқаларындағы шалғындық беткейлерде, орман шеттері мен аландарында сирек немесе жеке түп болып өседі. Биікт. 1 м-дей, жуан бұтақтарының қызғылт қоңыр қабығы бар. Сағақсыз жапырақтары түксіз келеді, 5 — 8 см болады. Ақ түсті шашақталған гүлдері сыпыртқы гүл шоғырына топталған. Мамыр — маусым айларында гүлдейді. Шілдеде жеміс береді. Жемісі — қынап түсті. А. т. — сәндік өсімдік. Алтай ботаника бағында өсіріледі, бірақ таралу аймағы таралып, сиреп бара жатқандықтан, қорғауға алынып, Қазақстанның “Қызыл кітабына” енгізілген.