АЛТАЙ БОТАНИКА БАҒЫ — ҚР ҒМ — ҒА-ның Ботаника және фитоинтродукция ин- тына қарасты ғыл.-зерт. мекемесі. 1935 ж. Шығыс Қазақстан обл-ның Лениногор қ- нда құрылған. Ауд. 176 га, теңіз деңгейінен 760 — 860 м биіктікте тау етегінде орналасқан. Оның 50 га-дан астам жері табиғи қорық ретінде сақталған. А. б. б-ның негізгі ғыл.-зерт. жұмыстары: Алтайдағы өсімдіктер дүниесін қорғау және олардың маусымдық өзгеру заңдылықтарына фенолог. бақылаулар жүргізу; пайдалы өсімдіктер түрлерін өсіріп, халық ш-на пайдалану; басқа жерлерден әкеліп отырызылған өсімдіктерді жерсіндіру; өлкедегі өндіріс орталықтарын көгалдандыру. Ондағы жоғарғы сатыдағы өсімдіктердің 4000-ға жуық түрінің 2000-ы жергілікті флораға жатады. Соның ішінде ағаш және бұталардын 570-тен астам түрі, қылқанжапырақтылардың 47, раушангүлдердің 90, зеректің 17, ал жеміс-жидек өсімдіктерінің 10-ға жуық, гүлді және дәрі- дәрмек өсімдіктерінің 1000- нан астам түрлері өседі. А. б. б. 63 жыл ішінде өндірістік орталықтарды көгалдандыру үшін ағаш-бұталардың 100- ден артық түрін, жеміс-жидек өсімдіктерінің 10-даған сорттарын, малға жемшөптік өсімдіктің 25 түрін, бал-шырынды өсімдіктің 34 түрін халық ш-на пайдалануға енгізді. Сондай-ақ А. б. б. табиғатты қорғау бағытында Шығыс Қазақстанда сирек кездесетін өсімдік түрлерін зерттеу жұмысын жүргізеді. Қазақстанның “Қызыл кітабын” құрастыруда да үлкен үлес қосып келеді.