АЛТАЙИТ (1830 ж. алғаш Алтайда табылуына байланысты аталған) — теллурид тобындағы минерал. Хим. формуласы: РbТе. Кристалдары сирек кездеседі, негізінен, майда түйіршікті агрегаттар түзейді. Түсі ақ, сарғылт реңді. Қатт. 3 — 3,5, меншікті салм. 8,1 — 8,2 г/см3. Гидротермалдық кендерде пайда болады. Алтайдың Тишин, Риддер-Сокол, Заводин полиметалл кендерінде, көбінесе, галенит минералы ішінде басқа теллуридтермен бірге микроқосынды түрінде кездеседі. Солт. Қазақстан алтын кендеріндегі (Жаңатөбе, Майқайың, Степняк, т.б.) көптеген минералдарда микроқосынды түрінде таралған. А. — Қазақстанда алғаш табылған сирек кездесетін минералдардың бірі.