АЛТАЙ

АЛТАЙ — Шығыс Қазақстан обл-ның Глубокое ауд-ндағы кент. Іргесі 1974 ж. қаланған. Ертіс өз-нің оң жағалауында, ауд. орталығы — Глубокое кентінен солт-ке қарай 20 км жерде орналасқан. Жақын т.ж. стансасы — Предгорная (15 км жерде). Тұрғыны 2,9 мың адам (1997). А-да мектеп, аурухана, клуб, дәріхана, т.б. мекемелер бар. Тұрғындары аудан орталығымен және елді мекендермен автомоб. жолы арқылы қатынасады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *