АЛП-АРСЛАН Мұхаммед ибн Дәуіт

АЛП-АРСЛАН Мұхаммед ибн Дәуіт (шамамен 1030 — 1072) — Салжұқ мемлекетінің билеушісі, сұлтан, қолбасшы. Билік басына келгеннен бастап (1063 жылдан) астанасын Үзкенттен Самарқанға көшірген (1040 — 63). Қарахан әулетіне қарсы жорықтар жасады. Әмудария жағасындағы Термез бен Балх қ-лары үшін шайқастар жүргізді. ХутталянЧаганиан иеліктеріне шапқыншылық жасады (1064 — 65). А.-А-ның әскері Сауран, Жентке (Сыр бойы) дейін жетті. 1071 ж. 26 тамызда Византия императоры Роман IV Диогеннің әскерін Шығ. Түркиядағы Ван көлі маңында тізе бүктіріп, Византияның Кіші Азиядағы жерлерін басып алды. 1072 ж. Бұхар ханы Шамсимүлікке қарсы жорық жасады. Нәтижесінде салжұқ жасағы ойсырай жеңіліп, А.- А. қаза тапты. 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *