АЛПАМ — мал және аң терісін өңдеп, киім тігетін байырғы кәсіпорын. 1888 ж. Алматыда жекеменшік тері өңдеу көсіпорны түрінде құрылған. Қайыс-тері илеу зауыты болды. Оның құрамына 1942 ж. көшіріліп әкелінген Кременчуг ф-касы қосылды. Зауыт 2- дүние жүзілік соғыс жылдарында майданға қажетті әскери-көлік саймандарын шығарды. 1957 ж. Алматы мехкомбинаты, 1992 ж. А. акцион. қоғамы болып қайта құрылды. Комбинат елтіріден (қой терісі, қаракөл, ондатр, бұлғын, қоян, т.б.) тон, бас киім, жаға, әскери жылы киімдер тігеді. Өнімдері Ресей, Өзбекстан және басқа да шет елдерге де шығарылады.