АЛМАТЫ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ИНСТИТУТЫ — технолог мамандарын даярлайтын мемл. жоғары оқу орны. 1957 ж. Мәскеудегі Бүкілодақтық тамақ өнеркәсібі ин- тының негізінде Алматы оқу- консультациялық пункті болып ашылды. 1961 ж. сол оқу орнының Алматы бөлімшесіне айналды. 1966 ж. ол Жамбыл жеңіл және тамақ өнеркәсібі технол. ин-тының қарамағына берілді. 1996 ж. ҚР Білім мин-лігінің қаулысымен А.т.и. болып қайта құрылды. Ин-ттың 5 ф-т, 23 кафедрасында 23 ғыл. докторы дәріс береді. Күндізгі және сырттай оқытатын бөлімдерде 4 мың студент 294 оқиды (1998). Онда: астық, ұн, жарма және құрама жем технол-сы, қантты өнімдері технол-сы, ашыту өндірістері технол-сы және шарап жасау, консерві және тағамдық концентраттар технол-сы, ет пен ет өнімдері технол-сы, сүт пен сүт өнімдері технол-сы, тағам технол-сы мен тамақтандыруды ұйымдастыру; тамақ өндірісі машиналары мен аппараттары, тоқыма өндірісі технол-сы, тігін бұйымдары технол-сы, тігін бұйымдарын құрастыру, биотехнол-сы, тех. процестер мен өндірістерді автоматтандыру, экон. мен менеджмент (агроөнеркәсіп салалары бойынша); кәсіпорын экон. мен менеджменті (тамақ өнеркәсібі бойынша), тауартану мен тауарлардың тұтыну сапасын айқындау, халықар. экон. қатынастар мамандықтары бойынша кадрлар даярланады. Ин-ттың 3 оқу ғимараты, жатақханалары, кітапхана, шағын диірмен, наубайхана, тігін цехы, ауданы 25 га қосалқы шаруашылығы бар. Негізі қаланғалы бері 15 мыңға жуық инж.-технолог, инж.- экономист, инж.-механик бітіріп шықты. Ин-ттың ғыл.- зерт. жұмыстары азық-түлік өндірісі мен жеңіл өнеркәсіп технол., биотехнол., хим. технол., өнеркәсіп экол., а.ш. өнімдерін сақтау мен өндеу, машина мен аппараттар жасау салаларының мәселелерін шешуге арналған.