АҚ ТҮЛКІ 

АҚ ТҮЛКІ (Alopex lagopus) — ит тұқымдасына жататын жыртқыш аң. А. т-лер Солт. Америка мен Еуразияның орманды тундрасындатундрада және Солт. Мұзды мұхиттың аралдары мен Командор, Алеут, Прибылов аралдарында таралған. Дене тұрқы 45 — 75 см, құйрығы 25 — 52 см, салм. 2 — 9 кг. Сыртқы пішіні қызыл түлкіге ұқсасбірақ тұмсығы мен құлағы қысқа келедіТерісінің түсіне қарай ақ және көгілдір болып бөлінеді. А. т. жылына 2 рет түлейдіҚыста жүні ұзынқалыңжұмсақ және біркелкі ақ, ал жазда ақсары бурыл боладыКөгілдір түлкі түлемейді. Ақпан — наурызда ұйығып, 52 күннен кейін 3 — 15, кейде 22 күшік табадыКүшігін баулып жетілдіргенше інінен ешқайда кетпейдіКүзқыс айларында тамақ іздеп кезіп жүредіТамақ талғамайдыОларкөбінетышқан тәрізді кеміргіштер — леммингілермен және тоқалтістерменқұстармен қоректенедіҚолда бағылып та көбейтіледі. А. т. — терісі өте бағалы аңсол үшін ауланады. 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *