АҚ ТЕРЕК

АҚ ТЕРЕК (Popuius alba) — тал тұқымдасының терек туысына жататын ағаш. Қазақстанның Алматы, Жамбыл, Оңт. Қазақстан, Қызылорда обл-тарындағы өзен бойларында, шалғындық жерлерде кездеседі. Биікт. 20 — 25 м, жуанд. 2 м-дей. Діңі мен ірі бұтақтарының қабығы көкшіл сұрғылт болады. Жас өркендерінің, бүршіктерінің, жаңа шыққан жапырақтарының бетін ақшыл түк басып тұрады. А. т. — желмен тозаңданатын қос үйлі өсімдік. Сәуірдің аяғы мен мамырдың басында гүлдейді. Ұсақ түкті тұқымы желмен таралады. Жемісі құты тәрізді. А. т. елді мекендерді көгалдандыру, өзен, көл жағалауларын бекіту үшін өсіріледі. А. т-тің сүрегі құрылысқа және әр түрлі бұйымдар жасауға пайдаланылады. Қолдан егілген А. т. 15 жылдан кейін 1 га-нан 200 мсүрек береді. 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *