АҚЫШЕВ Зейтін

АҚЫШЕВ Зейтін (18.4.1911, қазіргі Павлодар обл. Баянауыл ауд. — 9.9.1991 ж., Алматы) — жазушы, аудармашы. Омбыдағы жұмысшы ф-тін бітірген (1938). Еңбек жолын ұстаздықтан бастаған А. оқу-ағарту саласында басшы қызметте болды, баспа, мерзімдік басылым орындарында ред. меңгерушісі, редактор қызметін атқарды. Еңбек адамдарының тыныс-тіршілігін суреттейтін “Ақбел асуы” (1975), Ұлы Отан соғысы жылдарындағы тыл өміріне арналған “Жесірлер” (1973), “Бұршақ соққан жер” (1976), “Жаяу Мұса” (1990), “Шынардың шыбығы” (1987) романдарын, “Жаяу Мұса” (1965), “Келіндер”(1967), “Құтылмайды ол” (1969) пьесаларын жазды. В.Ф. Панованың “Кружилиха” (1952), А.И. Куприннің “Жекпе-жек” (1955), Я. Коластың “Талаш атай” (1956) романдарын қазақ тіліне аударды. 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *