АҚЫТ ҮЛІМЖІҰЛЫ Қарымсақов

АҚЫТ ҮЛІМЖІҰЛЫ Қарымсақов (А. Алтайский). (1866, ҚХР, Шыңжаң өлкесі, Алтай аймағы, Көктоғай ауд. — 1940, Үрімжі) — ақын. Сауатын ауыл молдасынан ашқан. Араб, парсы, түрік, орыс, монғол тілдерін білген. 1907 ж. Меккеге барған. 1912 ж. керей еліне қазы сайланған соң мешіт салдырып, медресе ашқан. 1939 ж. Гоминьдан өкіметі тұтқынға алып, мешітін талқандап, кітаптарын өртеген, 1940 ж. түрмеде азаптап өлтірген. 

1891 — 1914 жылдары Санкт- Петербург, Қазан баспаларынан А-тың “Жиһанша”, “Сейфіл-Мәлік — Бәдіғұл-Жамал”, “Абият ғақидия”, “Сейітбаттал Ғазы”, “Ишан Махмұд” аталатын кітаптары жарық көрген. Оның шығармалары “А. Алтайский” деген бүркеншік атпен “Айқап” журналына да жарияланып тұрған. А. өлеңді алуан ырғақта насихат, назира, ғакдия түрінде жазған. Ой толғауда Абай мәнеріне ден қояды. Абай өлеңдерін үлгі ете отырып, “Дәлейлул-ғакдия” (“Ақыл түбі”) өлеңдер топтамасын жазып шыққан. “Адамның жасы”, “Асан ата”, “Шыңжаң қари тасы”, “Керей шежіресі” деп аталатын туындылары ел арасына кеңінен таралған. 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *