АҚЫСЫЗ ОҚЫТУ

АҚЫСЫЗ ОҚЫТУ — Қазақстан Республикасының мемлоку орындарындағы азаматтарға тегін орта және жоғары білім беру жүйесі. “Білім беру туралы” заңда (1992 ж. 18 қаңтар): “Білім беруді мемлекеттік қаржыландыру Қазақстан Респ. азаматтарының білім алу жөніндегі мемлекеттік кепілдіктерінің негізі болып табылады. Білім беру мекемелерін қаржыландыру дүн. жүз. деңгейде бағдарланған, бір оқушыға жұмсалатын нақты шығындарды біртіндеп ұлғайта беру принципін негізге ала отырып, білім беру мекемелерінің әрбір түрі және типі бойынша әрбір оқушыға, тәрбиеленушіге, студентке есептелетін белгіленген мемл-тік нормативтерге сәйкес жүзеге асырылады. Нормативтердің абсолютті мөлшерлері инфляция қарқындарына сәйкес жүйелі түрде индекстеліп отырады” деп көрсетілген (38-бап. Білім беру жүйесін қаржыландыру.) Осы заңның 3-бабында білім берудің мемл. стандарттары шегінде білім беру қызметтерінің тегіндігі білім беру саласындағы мемл. саясаттың басты принциптерінің бірі ретінде аталған. 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *