АҚЫР ЗАМАН

АҚЫР ЗАМАНзаман-ақыр — адам баласының және бүкіл әлемнің ең соңғы тағдыры туралы ерте замандардан бері қалыптасқан түсінік. Әділдік пен зұлымдықтың, жақсылық пен жамандықтың, жарық пен түнектің көрінбейтін, жасырын күресінен бастау алады. Жер бетінде имансыздық пен зұлымдық ниеттің басым күш алуы А. з- ды, яғни адамзат ұрпағының түгелдей апатқа ұшырау сәтін жақындатады-мыс. А. з. туралы мұндай түсінік дүниедегі ірі діндердің (ислам, христиан, иудей, т.б.) бәрінде де бар. Мұсылман дінінде ақыр заман туралы ұғым құдайдан қорқу қағидасымен байланыстырылады. Алла тағала тек құдайдан қорқатын адамдарды ғана сүйеді. Ондай адамдар үрейлі сәттерде де, қуаныш-сүйініш кезінде де, қайғыда да бір құдайға табынады. Өз ашуларын көп сақтамай, басқалардың кінәсін тез кешіреді. Алла тағала тек жақсылық жасайтын адамдарды ғана сүйеді. Оларға А. з. кезінде жәрдем етеді. 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *