АҚЫРТӨБЕ — Жамбыл обл— ның Луговой ауд-ндағы кент, ауылдық әкімш. округінің орталығы, т.ж. ст. Ауд. орталығынан батысқа қарай 55 км жерде, далалық белдемде орналасқан. Тұрғыны 2,3 мың адам (1997). Кентте элеватор, өндірістік кооператив жұмыс істейді. Орта мектеп, емхана, тіс емдеу пункті, клуб бар. А. арқылы Алматы — Тараз автомоб. жолы өтеді.