АҚЫНЖАНОВ Сержан (3.9. 19.39, Алматы — 16.8.1991, Жамбыл) — қазақ қыпшақтанушысы, ғалым-археолог. М.В. Ломоносов атынд. Мәскеу мемл. ун-тін (1964) үздік бітіргеннен кейін ҚазКСР ҒА-ның Ш.Уәлиханов атынд. тарих, археол. және этнография ин-тында қызмет істеді. А. » Қыпшақтар және олардың 11-13 ғ-дың басындағы Хорезммен өзара саяси қатынастары” деген тақырыпта канд. диссертация қорғады (1973). Отандық тарих, археол., ежелгі және орта ғ-лардағы Қазақстан мәдениетіне арналған 50- ден астам ғыл. еңбек жазды. «Ортағасырлық Қазақстан тарихындағы қыпшақтар” атты қыпшақтардың қоғамдық құрылысы, мемл. құрылымдары мен мал ш. түрлері жөніндегі көлемді еңбегі жарыққа шықты (1989, 1995). Оңт. Қазақстан кешенді археол. экспедициясына, Шульба (1982 — 86), Орталық Қазақстан (1985) археол. экспедицияларына, сондай-ақ Қазақстан археол. тарихында тұңғыш құрылған қазақ-американ халықар. археол.-этногр. экспедициясына жетекшілік етті. Ш. Уәлиханов атынд. тарих, археол. және этногр. ин-тының археол. технол. лабораториясын басқарды. А. Жамбыл қ-ндағы археол. Қазба жұмыстарын жүргізу кезінде қаза тапты.