АҚЫЛДЫЛЫҚ — адамның ой-санасы мен интеллектісінің жоғары деңгейін көрсететін қасиет. А. синтездік ұғым. Бұған ақылдың кеңдігі, ойдың орамдылығы мен үшқырлығы, дербестілігі мен логик. жүйелілігі, сыншылдығы сияқты сапалары жатады. Ойдың ұшқырлығы — мәслені тез шеше салу емес, оны жан-жағынан көре білу, аса сергек және белсенді ойлай білу. Ойдың дербестігі де А-тың бір өлшемі. Басқа біреудің ойлау әдісін қайталамау, мәселені “жеті рет өлшеп, бір рет пішу” — А-тың басты белгісі. А-тың келесі сапасы — сыншылдық. Бұл біреудің қате пікірлерін көре білумен қатар, өз қатесін де үнемі байқау. А. әр адамның білім деңгейіне, өмір тәжірибесіне, жүйке-жүйесінің ерекшеліктеріне, жеке-дара өзгешеліктеріне орай түрлі деңгейде көрінеді.