АҚШ КОНСТИТУЦИЯСЫ

АҚШ КОНСТИТУЦИЯСЫ — АҚШ мемлекетінің негізгі заңы. 1787 ж. 17 қыркүйекте Филадельфияда қабылданған. Осы күнге дейін өз күшіне ие. Конституцияда 21 бөлімнен тұратын 7 бап бар, қосымша27 түзету енгізілген. А. к. “биліктің бөлінісі” принципіне негізделген: заң шығару билігі парламентке, атқару билігі президентке, сот билігі Жоғары сотқа берілген. Биліктің осы үш тармағының әрқайсысының өкілеттілігі нақты айқындалып көрсетілген. АҚШ азаматтарының құқықтары конституцияға 1789 ж. енгізілген алғашқы 10 түзетуде берілді. 11 — 27-түзетулер 1798 — 1972 ж. аралығында енгізілген (27- түзету күшіне енбей қалды). Конституцияға түзетулерді конгресс немесе штаттардың үштен екісінің заң шығару жиналыстарының өтінішімен арнайы шақырылған конвент ұсынады. Штаттардың төрттен үш бөлігінің заң шығару жиналыстары мақұлдаған соң түзету күшіне енеді. АҚШ штаттарының әрқайсысының өз конституциялары бар. 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *