АҚШОҚЫ

АҚШОҚЫ — Қарағанды обл-ның Қарқаралы ауд-ндағы Үлкен Қарақуыс және Достар тауларының сілемі. Ұз. 5 — 7 км, ендік жерлері 3 — 4 км. Ең биік жері Қарақуыс тауының солт.-шығысында (1185 м) орналасқан. А. тауларының барлығы тас көмір жүйесі жыныстарынан түзілген. А-ның қара қоңыр топырағында бегеге, қылқан селеу, жусан, Қараған, сұлыбас, сайларында тал, шілік, т.б. түрлі шөптер өседі. 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *