АҚШОРА БАБА (1660 — 1715/20 ж.ш.) — Тәуке ханның замандасы, көріпкел әулие, емші. Жас кезінен алыстағы құбылыстарды көріп-сезуімен «көріпкел әулие бала” атанғаан. Өсе келе бұл қасиеті дами түскен. Оның осы қасиеттері «жеті иірге қол берген, жеті өлікке жан берген, Ақшора бабам қолдай гөр” деп дәріптеледі. Сынық салу, сырқаттарды емдеумен А. б. есімі халық арасына тараған. Оның көрілкелдігі жау шабуылын алдын ала болжауға, қазақ жасақтарын жау қоршауына түсіп қалмауын қамтамасыз етуге көп комектескен. Жорықтарда найман Жанай батырдың, шақшақ Жәнібектің, керей Бөгенбайдың, т.б. жасақтарымен бірге жүрген.