АҚШИ

АҚШИ — Алматы обл-ның Еңбекшіқазақ ауд-ндағы ауыл, ауылдық әкімш. округінің орталығы. Ауд. орталығы — Есік қ-ның солт.-шығысында 35 км жерде, Алматы — Нарынқол автомоб. жолы бойында орналасқан. Ауыл Іле Алатауының солтүстігіндегі қоңыржай-ылғалды агроклиматтық белдемде жатыр. Тұрғыны 2,9 мың адам (1997). Мұнда орта мектеп, клуб, кітапхана, т.б. мәдени орындар бар.Тұрғындары Есік қ-мен, елді мекендермен автомоб. жолы арқылы қатынасады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *