АҚШЕҢГЕЛДІ — Оңт. Қазақстан обл-ның Шардара ауд-ндағы ауыл, ауылдық әкімш. округінің орталығы. Ауд. орталығы — Шардара қ- нан солт-ке қарай 90 км жерде, жусан, көкпек, жүзгін, шөп араласа өскен шөлді далалық белдемде Шардара — Түркістан автомоб. жолының бойына жақын орналасқан. Ең жақын т.ж. стансасы — Арыс (54 км жерде). Тұрғыны 3,5 мың адам (1997). 1990 ж-ға дейін Қазақстанның 60 жылдығы атынд. ауыл аталды. Ауылда бұрынғы кеңшар негізінде ұйымдастырылған а. ш. өндірістік кооперативтері жұмыс істейді. Орта мектеп, клуб, медициналық пункт, кітапхана, т.б. бар.