АҚША Сартұлы (1707 — 1729/ 30) — батыр. Қойгелді батырдың інісі. Әкесі Сарт Шақанұлы Ташкент маңын қыстап, қазіргі Қаратау қ-ның іргесіндегі Ұзынбұлақ, Күйгенкөлді көктеуі, Іле жағасындағы Шеңгелді төңірегін жайлауы мен күздеуі еткен атақты бай болған. А. алғаш 1723 ж. жоңғар калмақтарымен болған соғыста көзге түсіп, батыр атанған. Тараз қ-н талқандап, қазақ байларының ауылдарына лап қойған жоңғарлар Қаратаудағы Ұзынбұлақ түбіңде Өтеген батыр бастаған Қазақ қолының қатты қарсылығына ұшырайды. Қалмақ батыры Ботшихар Өтеген батырмен жекпе-жекте қаза тапқаннан кейін қалмақтар шегініп, көл маңындағы қамысқа тығылады. А. батыр қамысты өртеп, қашып құтылмақ болған жауды қыспақа алады. Көлдің Күйгенкөл атануы да осыдан шықса керек. А. бұдан кейін де бірнеше шайқастарға қатысқан. Аңырақай шайқасына мыңбасы дәрежесінде қатысқан. Ол жекпе-жекте калмақ мбатыры Дәржіні өлтірді. Осы шайқаста қаза тауып, Аңырақай даласында жерленген. А. батырдың балалары — Өтеболат пен Қырғызбай 1756 — 58 ж. казақ жерін жоңғарлардан азат ету со- ғысына қатысқан.