АҚША-КРЕДИТ САЯСАТЫ

АҚША-КРЕДИТ САЯСАТЫ-— экономиканың тұрақтылығы мен тиімділігін қамтамасыз ету үшін үкіметтін ақша айналымы мен кредит саласында жүргізетін шаралары және оның бағыты. А.-к. с. экон. дамуды, ақшаның құнсыздануын тежеуді, халықты еңбекпен қамтамасыз етуді және төлем балансын теңестіруді реттеуге бағытталады. А.-к. с-н Ұлттық банк Қаржы министрлігімен тығыз байланыста жүргізеді. Үкімет айналымдағы ақша көлеміне процент мөлшерін көтеру немесе төмендету жолымен өзгеріс енгізіп отырады. 

А.-к. с-ның төрт түрі бар: а) ақшаның құнсыздануы (айналымдағы ақшаның қадағалаусыз өсуі); б) дефляция (айналымдағы ақшаның күрт кемуі); г) рефляция (экон-ны көтеру мақсатында ақшаның құнсыздануына жол беру); д) дезинфляция (дефляцияның экон. қарқынын бәсеңдетуге бағытталған түрі). А.-к. с-н үкімет белгілегенмен, оны, негізінен, ұлттық (орталық) банк жүзеге асырады. Ұлттық банк қаржыландырудың бірыңғай мөлшерін белгілейді, ол ақша рыногының, сұраным мен кредиттер жөніндегі ұсыныстардың деңгейіне қарай анықталады. 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *