АҚША АЙНАЛЫМЫ

АҚША АЙНАЛЫМЫ — ақшаның айналымдағы қозғалысы, оның айналым және төлем кұралы ретінде қызмет етуі. А. а-ның тауар айналымынан өзгешелігі — әрбір тауар айналымда уақытша болады, ал ақша өзінің айналым құралы қызметін атқарғаннан кейін, айналыс арнасында тұрақты қалып, тауарларды өткізуге қызмет ете береді. А-ның объективтік заңы төмендегідей: тауарлар бағасының айналыстағы жиынтығы аттас ақша бірліктерінің айналым саны қатынасына байланысты. Дәлірек айтқанда, айналымдағы ақша аумағы тауарлар бағасы мен аттас ақша бірліктерінің айналым саны арқылы анықталады. А. а. мен тауар айналымы арасында тығыз байланыс бар, біріншісі екіншісіне тікелей тәуелді. А.  теңелген сайын шаруашылықты дамытуға қажетті ақша массасы азая түседі. Бұл ретте Л. а-н жоспарлау және реттеу айрықша рөл атқарады. 

Ақша айналымын жоспарлау мемл-тің айналымға керекті нақты ақша мөлшерін жоспарлы түрде белгілеп, жалпы ақша жиынын ұлғаймалы ұдайы өндірістің қажетіне сәйкес реттеуі. Экон. үздіксіз дамып отыруы үшін айналымдағы ақша мен тауар жиыны арасында қажетті сәйкестік сақталуы керек. А. а-н дұрыс реттеу мақсатымен барлық кәсіпорындар ақшалай қаржыларын банктерде ұстап, тек төлемге қажетті мөлшерін ғана алып отырады. А. а. жоспарлау халықтың ақшалай кіріс-шығыс балансы мен Ұлттық банктің кассалық және кредиттік жоспары негізінде жүзеге асырылады. Баланста табыстың көзі және оны пайдаланудың негізгі бағытты көрсетіледі. Мұндай баланстың көмегімен ақшалай кіріс-шығыс арасындағы сәйкестік сақталып, халықтың қолында артық ақшаның жиналып қалуына жол берілмейді. А. а. жоспарлау барысында айналымдағы жалпы акқша мөлшерін шұғыл түрде реттеу үшін респ., облыс, аудан бойынша ай, тоқсан сайын нақты ақшаның қозғалысы есепке алынуы тиіс және сол арқылы ішкі және сыртқы рынокка қажетті ақша мөлшерін анықтап, оның пайдаланусыз жатып қалуын болдырмауға, ақша айналымын жылдамдатуға жол ашылады. 

Ал ақша айналымын реттеу шаруашылық салаларына қажетті айналымдағы ақша мөлшерін қадағалауға мүмкіндік береді. Айналымдағы ақша шамадан тыс көбейіп кетсе, ақшаның құнсыздануына әкеліп соқтырады. Айналымдағы ақшаны реттеу Ұлттық банкке жүктеледі. Ол айналымға қажетті нақтылы ақша мөлшерін шығарып, егер ол шамадан тыс асып кетсе, айналымнан қайтып алып отырады. Бұл сияқты реттеу коммерциялық банктерге несие көлемін өзгерту арқылы бағалы қағаздарды және шетел валюталарын сатып алу немесе коммерциялық банктер Ұлттық банкте орналастыратын міңдетті резервтердің нормаларын өзгерту және нақты экон. жағдайларға сәйкес кредиттер бойынша проценттік ставкаларды өзгерту жолымен жүзеге асырылады. 

А. а-н реттеу ақша айналымының заңы негізінде жүргізіледі. Бұл заңға сәйкес айналымға керекті ақша мөлшері: 1) айналымға шығарылатын тауар; 2) тауар бағасының дәрежесі; 3) ақша айналымының жылдамдығы факторларына байланысты. Айналымға керекті ақша мөлшерін анықтау үшін айналымға шыққан тауар бағасының жиынтығын ақша айналымының мөлшеріне бөледі. Экон. дағдарыс және соғыс жағдайында экон-ның тұрақсыздығының күшеюі, соғыс шығындарын өтеу үшін шамадан тыс көп ақшаның шығарылуы оның құнсыздануына әкеліп соқтырады. Нәтижесіңде А. а-н реттеу қажеттігі туады. Ол үшін айналымдағы тауар құнынан артық ақша шегеру керек. А. а-н реттеу халықтың табысы мен шығыны арасындағы айырмашылықты негізге ала отырып жүргізіледі. Ақша айналымы бір деңгейде болған жағдайда табыстың шығыннан артуы айналымға түсетін қыруар ақшаны керек етеді де, шығынның табыстан асып түсуі айналымдағы ақша мөлшерін азайтады. Айналымға керекті акша мөлшерін кассалык жоспар арқылы бақылап отыруға болады. Кейбір қиын-қыстау жағдайларда (соғыс, т.б.) мемл. қосымша ақша шығаруға мәжбүр болса, оның айналымдағы мөлшері кейін реттеледі. 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *