АҚШАНЫҢ ҚҰНСЫЗДАНУЫ

АҚШАНЫҢ ҚҰНСЫЗДАНУЫ — айналымдағы ақшаның шамадан тыс көбейіп кетуі салдарынан бағасыздануы. А. қ. ақшаның алтын өлшемінің төмендеп кетуінен туады да, тауарлар бағасының көтерілуіне әкеліп соқтырады. Ол тауар көлемінің шығарылған ақша мөлшеріне сәйкес келмеуі себепті тауар бағасының шамадан тыс өсуінен де болады. А. қ. ақшаның тауарды сатып алу қабілетінің төмендеуіне немесе оның валюталық бағасының кемуіне байланысты. Сонымен қатар А. қ. елдегі нақты жалақы мәнінің кемуіне, тауарлар мен қызметтер бағасының өсуіне әкеп соғады. А. қ. сол елдегі экон. дағдарысқа тығыз байланысты. Оны болдырмау үшін мемл. ақшаның айналымдағы көлемін азайтуға тырысады. 

А. қ. бірнеше түрге бөлінеді: қаржылық — банк елдің үкіметке шамадан тыс қаржы беруі нәтижесінде ақша көлемінің әкімш. өктемдік салдарынан өсуіне байланысты; әлеум. — өнімді шығаруға жұмсалатын қаржының экон. факторларға байланысты өсіп, соның нәтижесінде бағаның жоғарылауы. А. қ. кейбір алдын ала болжауға болмайтын экон. факторларға байланысты болуы да мүмкін. Ақша құнсызданса, сұраныс еселеп артып, халық қолындағы ақшаны тауарға айналдыруға ұмтылады. Бұл жағдай Қазақстанда нарыққа көшудің алғашқы жылдарында (90- жылдардың алғашқы жартысы) орын алды. А. қ. халықар. саяси және экон. карым-қатынастарға да байланысты. Халықаралық еңбек бөлінісі жағдайында бір елдегі А. қ. басқа елдегі ақшаға әсер етеді. Бүған дүниежүзілік валюта жүйесінің ықпалы да бар. 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *