АҚТӨБЕ

АҚТӨБЕ — 1 — 9 ғ-дағы қала орны. Оңт. Қаз. обл. Созақ а-ның шығыс жағында орналасқан. Орта ғ-дағы аты белгісіз. Қала орнын 1946 ж. Ә.Х. Марғұлан басқарған Орт. Қаз. археол. экспедициясы ашқан. Алғаш қазба жұмыстары 1948 ж. жүргізілді. Төбе екі бөліктен тұрады. Орт. және оңт. шетіне алаңшалар келіп қосылады. Төбенің жалпы көлемі 200×300 м. Орт. төбенің биікт. 4 — 5 м, жоғарғы бетінің ауданы 70×80 м. Оңт. шетінде қорғаныс құрылысының қалдығы сақталған. Ортбөлік пен алаңшаның қосылатын жерінде шығыстан және батыстан кіретін қақпалардың орындары байқалады. Қазба барысында қала жобасының ерекшеліктері анықталды. Аршылған құрылыс орындарының қабырғалары блоктар мен көлемдері 32x26x8, 45x25x10 см келетін саз (шым) кірпіштерден қаланған. Қала жұртынан әр түрлі көлемдегі қазандықтар, күпшіндерқұтылар, шаруашылық ыдыстары, үлкен құмыралар, кіржуғыштар және ас ішетін ыдыс-аяқтар: кесе, сапты аяқ, табақтар табылды. Қазба барысында жиналған қыш ыдыстар мен басқа да заттарды лабораториялық сұрыптаудан өткізіп, зерттеулер нәтижесінде қала тұрғындарының б.з. бас кезінен 9 — 10 ғ. дейін өмір сүргені анықталды. 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *