АҚТӨБЕ

АҚТӨБЕ — ежелгі қала орны. Жамбыл обл. Шу ауд. Баласағұн атынд. ауылшаруашылық ұжымының жерінде, Ақсу, Қарабалта өз-нің Шуға құяр сағасында орналасқан. А. 6-13 ғ. болған. Алғаш 1894 ж. археолог В.В. Бартольд ашқан. Қазба жұмысын 1941 ж. Г. И. Пацевич жүргізді. 1974 жылдан бері ҚазМҰУ-дың археол. экспедициясы зерттеп келеді. А.- патша сарайы орналасқан бекіністен, шахристаннан, рабадтан тұрады. Қала сырты 2-3 қатар қорғаныс қамалмен, ормен қоршалған. Қамал іргесі 6 ғ-да қаланған. Сарай шахристан орталығында биікт. 7-8 м табиғи төбеде орналасқан. Ол 20 шақты бөлмеден тұрады. Қабырғаларының биікт. 1 — 1,5 м, көлемі 42x20x11 см, 45x21x17 — 18 см күйдірілген қыштармен, 40×60 см пахса кесектермен көтерілген. Едендеріне 22 х 22×4 — 5 см күйдірілген қыш төселген. А-нің шахристан бөлігіне жүргізілген қазба жұмыстары барысында Қарахан дәуірінің (10 — 12 ғ.) 3 мыңнан астам мыс ақшалары, зергерлік бұйымдар, т.б. табылды. Рабадтағы азба жұмыстары нәтижесінде Ақсу өз-нен арна арқылы су тартылып, қоймадағы су тұндырылып қыш құбырлар арқылы қалаға жеткізіліп тұрғаны айқындалды. Құбырлар ұз. 50 — 60 см, диаметрі 10 — 20 см, бір-біріне жалғауға ыңғайлы етіліп күйдірілген саздан жасалған. Көше бойларында тазалық сақтау үшін арықтар қазылған. Орт. сарайдың шығысында әскерлер тұратын “Төрткүл” бекінісі орналасқан. А-дегі қазба жұмыстары 10 — 12 ғ-ларда Шу — Талас өңірлерінде қала мәдениеті мен өркениеттің дамығанын көрсетеді. Ғалымдардың пікірінше, А. орта ғ-да болған Баласағүн қ-ның орны болуы мүмкін.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *