АҚТӨБЕ ФОСФОРИТ КЕНДІ АУДАНЫ

АҚТӨБЕ ФОСФОРИТ КЕНДІ АУДАНЫ, Ақтөбе обл-нда орналасқан, құрамына Богданов, Қандыағаш, Көктөбе, Шилісай сияқты ірі-ірі кен орындары енеді. Ауд. 600 км2— ден асады. Қалынд. 1 м-ден аспайтын 2 кен қабаттары глауконит құмдармен (қалыңд.3,2 м-ге дейін) бөлінген, ал үсті қалынд. 2 — 2,5 м шөгінді жыныстармен көмкерілген. Фосфор кендері мен олар орналасқан жыныстар юра және бор кезендерінде пайда болған. Кентас құрамындағы фосфор ангидридінің (Р,05) мөлшері 18%-тей, бұл Қаратау кендерінен 2 есе төмен. А. ф. к. а-ның жалпы болжанған қоры 1 млрд. т-дан астам (1993). Оңдағы фосфор кентастары карьерлерден ашық әдіспен өндіріледі. Фосфорит кентасы мен глауконит құмдарын қоса өндеуден кешенді калийлі-фосфорлы тыңайтқыш алынады. Ақтөбе фосфорит кендерінің негізінде Ақтөбе химия комбинаты жұмыс істейді. 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *