АҚТӨБЕ ОБЛЫСТЫҚ ТАРИХИ—ӨЛКЕТАНУ МҰРАЖАЙЫ — мәдени-ағарту мекемесі. 1929 ж. құрылған. А. о. т.-ө. м-нда табиғат, археол., архит. және этногр. бөлімдері жұмыс істейді. Мұражай қорында 51956 экспонат бар.
Жыл сайын мұражай экспозициямен 100000-ға жуық адам танысады. Мұнда өлкенің пайдалы қазба кендері, жануарлар мен сирек кездесетін өсімдіктер дүниесі, археол. қазба кезінде табылған еңбек құрал-жабдықтары, қыштан жасалған бұйымдар, қазақ-қалмақ соғыстары туралы құнды мәліметгер, сол кездегі кару-жарақ үлгілері (Есет батырдың заттары, Арал батырдың сауыты), этногр. материалдар қойылған. Халық ауыз әдебиетіне арналған экспозицияда “Қобыланды”, “Айман — Шолпан”, “Қыз Жібек” сияқты эпик. туындылар, Қорқыт, Асан Қайғы, Шернияз ақын жөнінде маңызды деректер кездеседі. “Алаш” ұлттық- демокр. қозғалысы, саяси-қуғын сүргін құрбандары, осы өлкедегі зиялы қауым өкілдері (дихан Ш. Берсиев, композитор Е. Жұбанова, ғарышкер В.И. Пацаев, т.б.) жөнінде құжатгар жинақталған.