АҚТӨБЕ ОБЛЫСТЫҚ ОРЫС ДРАМА ТЕАТРЫ -1934 ж. ұйымдасқан орыс театр труппасы негізінде құрылған. 1943 ж. қазақ труппасы ұйымдастырылып, екі труппа бірікті. Соғыс жылдарында К.М. Симоновтың “Прага талшындары аясында”, А.А. Кронның “Жіті барлау”, Б.А. Лавреневтің “Теңіздегілер үшін” пьесаларын қойды. 1965 ж. А.П. Штейннің “Толас” спектаклі көрсетіліп, театр тиянақты жұмыс істей бастады. Театр репертуарынан берік орын алған, көркемдік шоқтығы биік қойылымдардан Д. Исабековтің “Ертенді күту”, А.А. Дударевтің “Қатардағылар”, “Кеш”, Н. Павлованың “Кішкентай вагон”, Ә. Таразидің “Әлия”, А.К. Толстойдың “Федор Иоаннович патша”, М.О. Шатровтың “Брест келісімі”, т.б. спектакльдер бар. Театр әр жылдары Орта Азия мен Ресей облыстары мен қалаларында, Алматыда (1988) гастрольде болды. 1996 ж. Жезқазған қ- нда Жамбылдың 150 жылдық мерейтойына арналған Респ. театрларының фестивалінде ақтөбеліктер ағылшын драматургі Леонард Герштің “Мына еркін көбелектер” қойылымы үшін лауреат атанып, үшінші жүлделі орынға ие болды. Театр труппасында Қазақстанның еңб. сің. арт. — Р.А. Маркова, В.И. Бриц, Мари елі мен Татарстанның еңб. сің. арт. — О.М. Блинов, В.Я. Априскин, артистер — Р. Телеуова, Н.П. Бокорева, т.б. шығармашылық қызмет атқарады.