АҚТӨБЕ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

АҚТӨБЕ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ, Қ.Жұбанов атынд. — мемлекетгік жоғары оқу орны. ҚР Үкіметінің 1996 жылғы 7 мамырдағы қаулысымен Ақтөбе пед. ин-ты (1958) негізінде құрылды. Ун-ттің білім, мәдениет, әлеум. өмір салалары, экономика, құқыктану, техника, металлургия ф-ттерінде 6000 студент оқиды (4000-ы күндізгі оку бөлімінде), 28 кафедрада 420 оқытушы дәріс береді, оның 11-і ғыл. докт., проф. Негізі қаланғаннан бері ун-тті 16000-ға жуық маман бітіріп шықты (1997). Ғыл.- зерт. және инновациялық әдістемелік, бағдарламалық орталықтар, редакция, баспа бөлімі бар. 300 орындық студенттер жатақханасы, 4 спорт залы, лабораториялар, оқу залдары, 400 мың дана кітап қоры бар кітапхана жұмыс істейді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *