— медицина мамандарын даярлайтын мемлекеттік жоғары оқу орны. Ақтөбе мемл. мед. ин-ты (1957) негізінде ҚР Үкіметінің 1997 жылғы 25 ақпандағы қаулысымен Ақтөбе мемл. мед. академиясы болып қайта құрылды. Құрамына Ақтөбе, Орал, Атырау, Маңғыстау мед. колледждері бар. Респ. батыс аймағының 4 облысы және Қызылорда, Қостанай облыстары үшін дәрігер кадрларын даярлайды. Бес оқу ғимараты, жатақхана, зерттеу лабораториясы, санаторий-профилакторийі, кітапханасы, спорттық-демалыс лагері, стадионы бар. Академия құрамында емдеу, педиатриялық және орта дәрігерлік ф-ттері бар. Онда 3000 студент оқып, 500-ден астам дәрігер кәсіптік білімін жетілдіреді. Мед. колледждерде 2000-ға жуық болашақ маман білім алады. 416 оқытушы дәріс оқиды, олардың 33-і ғыл. докт., 168-і ғыл. канд. 4 колледжде 247 оқытушы дәріс береді (1998). Академияда жүргізілетін ғыл.-зерт. жұмыстарының негізгі бағыттары: жаңа дәрі-дәрмек жасау, тексеру, сынау; ірің хирург. инфекциясы, оның асқынуы; хронобиология, хронотерапия; патогенез, аурудың алдын алу, емдеу; әр түрлі патологиялық жағдайлар, отбасын жоспарлау, т.б.