АҚТӨБЕМҰНАЙГАЗ

“АҚТӨБЕМҰНАЙГАЗ” — Ақтөбе өңірінде мұнай мен газ кендерін барлау және мұнай-газ өнімдерін өндірумен айналысатын акционерлік қоғам (АҚ). Ақтөбе обл-нда мұнайдың алғашқы өнеркәсіптік көзі 1931 ж. Шұбарқұдық тұз күмбезіңдегі перм және триас дәуірінің тұз үстіндегі шөгінділерінен ашылды. 1937 ж. Шұбарқұдық кенін, кейін Жақсымай кенін өнеркәсіптік өңдеуге беруге байланысты Темір қ-ндағы Солт. мұнай барлау басқармасы негізінде “Актөбемұнай” тресі құрылды. Ол Ақтөбе обл-нда мұнай мен газды іздестіру-барлау жұмыстарын жүргізді. 1953 ж. Гурьев (қ. Атырау) қ- нда екі дербес ұйым — “Ақтөбемұнайгазбарлау” тресі мен “Қазақстанмұнай” бірлестігі құрылды. Шұбарқұдық мұнай өңдіру басқармасы осылардың құрамына кірді.

Дала геофизикасының, сейсмиканың дамуы мен бұрғылау тех-ның жақсы жабдықталуы 60-жылдары Ақтөбе жерінің геол. құрылымын егжей-тегжейлі зерттеуді кең көлемде жүргізуге жол ашты. Бұл өңірде 1959 ж. Кеңқияқ мұнайлы ауданы жоспарлы түрде зерттеле бастады. Осы аймақта басталған кең көлемді параметрлік бұрғылау 1971 ж. Кеңқияқта шөгінділердің тұз астындағы кешенінен мол мұнай қорын ашты. Осы кезден бастап барлық жұмыс мұнай көздерін тұз астындағы шөгінділерден іздестіруге жұмылдырылып, 1978 ж. Жаңажол мұнай конденсаты кені ашылды. Мұнда мұнай мен газ қоры тас көмір қыртысының куатты корбонат қабатынан табылды. Ақтөбе обл-ндағы мұнай кендерін өндіруді жеделдету мақсатында 1981 ж. құрылған “Ақтөбемұнай” өндірістік бірлестігі 1993 ж. “Ақтөбемұнайгаз” акцион. қоғамына айналды. Мұңда мұнай өндіру жұмыстарын “Октябрь-мұнай” және “Кеңкияқмұнай” мұнай өндіру басқармалары жүргізеді. Ал бұрғылау жұмыстарын жүргізетін Октябрь бұрғылау жұмыстары басқармасы 1997 ж. ТМД елдері арасында тұңғыш рет тереңдігі 4080 м көлденең скважинаны бұрғылады. Мұндағы аса маңызды объект — Жаңажол газ өндеу зауыты.

“А.” АҚ 1997 жылдан өзінің бақылау пакетін (60,3%) алған Қытай ұлттық мұнай-газ корпорациясымен бірге жұмыс істей бастады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *